Ақтаулық «Каспий» футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңінің аяқталуына үш тур қалғанда бірден сегіз ойыншымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қаржылық мәселелерінің шешілмеуіне байланысты командамыздан келесі ойыншылар өзара келісім бойынша кеткенін хабарлаймыз: Ақжол Қайратұлы, Оралбек Елдесбай, Жахангир Рашит, Райымбек Жұма, Нұрсұлтан Таңатұлы, Сембай Данияр, Атағұлов Жандос, Ербол Жұмаханов.

Жігіттерге алғыс айтамыз және олардың алдағы мансабында табыс тілейміз!». – делінген Ақтау клубының ресми Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

19 наурызда «Каспий» ел чемпионатының 33-туры аясында «Атыраумен» ойнайды, кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.