Футболдан ел чемпионатының алғашқы кезеңін 22-турда «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы ойыны қорытындылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч қонақтардың тез есеп ашуымен басталды. 9-минутта сол қанаттан Дидар Жалмұқанның берген пасын Сергей Хижниченко түйіндей алды – 1:0. Үзіліске дейін вице-чемпиондар таразы басын ұлғайтатын бірнеше мүмкіндікке ие болды, ақтөбеліктердің өкінішіне қарай, «ақ-қызыл түстілер» екінші голын сала алмады. Екінші таймның басында да атыраулықтар қорғаныста сыр берді. Маркос Пизелли айып алаңына енер тұста допты асықпай қабылдап алып, Жасұр Нәрзіқұловтың оң бұрышын дәл көздеді – 2:0.

Осылайша «Ақтөбенің» тізгінінде алғашқы матчын өткізген Иоан Андоне дебюттік кездесуінде жеңіске жетті. Ол «Атыраудың» 15 матчтан тұратын жеңіліссия сериясына нүкте қойды. Айта кетейік, екі команда да алғашқы алтылыққа еніп қойған болатын.

«Атырау» - «Ақтөбе» 0:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Хижниченко 9, 0:2 – Пизелли 46