Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс және қола жүлдегері Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Э Чжи Иммен шеберлік байқасты.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі Жайна басым деп таныды. Екінші кезеңде де солай болды. Қорытынды есеп – 4:1.

Осылайша, Ж. Шекербекова келесі кезеңге өтті.