Жартылай ауыр салмақтағы WBA титулының иегері Дмитрий Бивол ТМД-дағы ең үздік боксшылар атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

Биволдың нұсқасы бойынша, ТМД елдерінің үздік үш боксшысы қатарына қазақстандық ардагер Геннадий Головкин, ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы Александр Усик және бұрынғы үш дивизион титулының иегері Василий Ломаченко кірді.

Бір қызығы, ресейлік боксшы отандасы, қазір WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион титулдарының иегері Артур Бетербиевтің есімін атамады.«Әрине, бұл Головкин, Усик, сондай-ақ Ломаченко», - деді Бивол КТРК СПОРТ телеарнасына берген сұхбатында.