Қарағандыда жергілікті «Шахтер» «Тараз» командасын қабылдап, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші таймда қонақтар сапында Эдуард Сергиенко мен қақпагы Александр Григоренко жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Есеп тек екінші таймның орта тұсында ашылды. 76-шы минутта украиналық футболшы айып добын баспен қақпаға дәл бағыттай білді. Ал негізгі уақытқа 4 минут қосылғанда Роман Мұртазаев «Тараз» қорғаушыларынан сытылып өтіп, қақпаның тоғыздығын дәл көздеді.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Тараз» (Тараз) 2:0 (0:0)Голдар: Фещук (76), Мұртазаев (90+3).«Шахтер»: Мокин, Василевич, Джидич, Димов, Тарасов (Порываев, 46), Вошаглик (Карпович, 55), Ермеков, Коструб, Ветров (Уббинк, 53), Мұртазаев, Фещук.«Тараз»: Григоренко (Битабаров, 40), Башлай, Васильев, Мера, Мухутдинов, Әмірханов, Евстигнеев, Сергиенко (Досмағамбетов, 34), Сүлей, Пищур (Гатагов, 77), Яровенко.Ескертулер: Василевич (16), Васильев (37), Мера (41), Евстигнеев (50), Карпович (60), Досмағамбетов (69).