Бүгін Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессияда 48 келіге дейінгі салмақта Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Алуа Балқыбекова қолғап түйістірді. 1/16 финал кезеңінде қазақстандық боксшы Сингапур өкілі Кей Ван Чи Ваймен күш сынасты.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісті қазақстандық бокстың жұлдызы (5:0) алды.

Еске салайық, Алуа Балқыбекова 2022 жылы Азия чемпионы атанған болатын.Фото: olympic.kz