Фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан Алматыдағы Әлем кубогында параллель могулдан жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық могулшы Павел Колмаков жарысты 1/8 финалдан аяқтады.

Ал Аяулым Әміренова (26.86 ұпай) мен Антон Бондарев (71.12 ұпай) іріктеуден өте алмады.

Еске салайық, Павел Колмаков жекелей могулда күміс медаль иеленген болатын.