Ресейлік Team Spirit CS:GO-командасы ESL Pro League Season 17 турнирінің топтық кезеңінде америкалық Team Liquid ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 есебімен (Nuke - 16:10, Mirage - 16:13) аяқталды. Spirit турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, ESL Pro League Season 17 турнирі 22 ақпан мен 26 наурыз аралығында Мальтада өтеді. 32 команда 850 мың АҚШ долларын сарапқа салады.