Футболдан Қазақстан біріншілігінің бірінші кезеңіндегі соңғы турда алғашқы алтылыққа еніп қойған «Ертіс» пен «Ордабасы» Павлодарда кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алаң иелері алғашқы минуттан-ақ допқа иелік етті, алайда үзіліске дейін «Ордабасы» қорғанысы сыр берген жоқ. Тек екінші таймның басында Константин Дудченко Григорий Сартаковтың пасынан кейін «Ертісті» алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Александр Гейнрих алаңда жатқан Карлос Фонсеканы теуіп жібергені үшін алаңнан қуылып, төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Эвандро Ронкатто мүлт кетпеді. Қорытынды есеп – 2:0.

 

«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:0 (0:0)ГолдарДудченко (50), Ронкатто (90, пенальтиlty)«Ертіс»: Лория, Кассай, Кислицын, Сартаков, Чернышов, Воменко (Ерсәлімов, 66), Ирсак, Смақов (П. Алиев, 90+3), Фонсека, Дудченко (Ронкатто, 75), Н'Диайе.«Ордабасы»: Сидельников, Абдулин, Қожабаев (Гейнрих, 54), Малый, Сүйімбаев (Тәжімбетов, 75), Трайкович, Әшірбеков, Бейсенов, Петров, Тұңғышбаев, Юнузович.ЕскертулерН'Диайе (62), Тұңғышбаев (67), Бейсенов (67), Ерсәлімов (67), Малый (74), Әшірбеков (80).Алаңнан қуылдыГейнрих (87).