Ұлттық құраманың Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары кезіндегі үзілісте алматылық «Қайрат» екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 наурызда «Қайрат» Қазақстан жастар құрамасымен (U-21) кездеседі. Жастар құрамасына алматылық клубтың 10 ойыншысы шақырту алған: Әділет Садыбеков, Лев Кургин, Егор Ткаченко, Галымжан Кенжебек, Александр Широбоков, Темірлан Анарбеков, Мирас Кобеев, Александр Мрынский, Владислав Кравченко және Жаннур Кукеев.

Ал 25 наурызда Қайрат ақтаулық «Каспиймен» матч өткізеді.