Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекті жеңді.

Елена бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Отандасымыз қарсыласын екінші сетте де дәл осындай есеппен жеңіп, кездесуді аяқтады.

Индиан-Уэллстегі турнирдің финалында Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі.

Ига Свентек (Польша) – Елена Рыбакина (Қазақстан) 2:6, 2:6Эйс: 1:7Брейк: 1:5Кездесу уақыты:1 сағат 16 минут