Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өтіп жатқан турнирде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік спортшы Ян Сабанинмен (әлемнің 1177-ші ракеткасы) кездесу өткізіп, екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңісінен кейін қазақстандық теннисші швейцариялық турнирдің жартылай финалына шығып, австриялық-шведтік Нейхрист – Фриберг жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 318-ші қатарда тұр.