17 наурызда УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде 2022/2023 жылғы Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ru.uefa.com сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалға шыққан сегіз команда: «Бавария» (Мюнхен, Германия), «Бенфика» (Португалия), «Интер» (Милан, Италия), «Манчестер Сити» (Англия), «Милан» (Италия), «Наполи» (Италия), «Реал» (Мадрид, Испания) және «Челси» (Англия).

Жеребе кезінде ешқандай шектеулер болмайды, сондықтан топтық кезеңде кездескен клубтар немесе бір қауымдастықтың өкілдері кездесе алады. Ширек финалдық жұптар 1-ден 4-ке дейінгі сандарды алады, содан кейін жеребе бойынша жартылай финалға шығады. Сондай-ақ финалдың қожайыны да анықталады.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото uefa.com