Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) EA Sports компаниясымен бәсекелеспек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федерация FIFA деген атауды сақтап қалып, өз симуляторын жасамақ. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино айтты:

«FIFA жаңа ойыны, FIFA 25, 26, 27-лер кез келген қыз бен жігіттің сүйікті ойыны болады. Жақын арада жаңалық күтіңіздер», - деді ол.

EA Sports компаниясының ФИФА-мен келісімшарты аяқталды, студияның келесі ойыны EA Sports FC деп аталады.