«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Еуро-2024 іріктеу матчтарына Португалия құрамасына шақырту алады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі СЭ сайтына сілтеме жасап.

38 жастағы шабуылшы Лихтенштейн (23 наурызда) және Люксембург (26 наурызда) құрамаларына қарсы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарға шақыртылады. Португалия құрамасын биылғы қаңтардан бастап Роберто Мартинес басқарып жатыр.

2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасымен келісімшарт жасасқан. Клуб сапында ол 9 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Фото Global Look Press