Холменколленде (Норвегия) биатлоннан 2022/2023 жылғы Әлем кубогының тоғызыншы кезеңі аясында ерлер арасында спринт жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде Қазақстан намысын үш биатлоншы қорғады. Әсет Дүйсенов 62-орын алды. Владислав Киреев 68-орында орналасты. Александр Мухин мәреге 77-болып жетті. Үздік 60 спортшы қатысатын із кесу жарысына қазақстандықтар өте алмады.

Әлем кубогы кезеңі. Хольменколлен (Норвегия). Биатлон. Спринт. 10 км. Ерлер

1. Йоханнес Бе (Норвегия) – 25:13.0 (0-1)2. Мартин Понсилуома (Швеция) +23.9 (0-0)3. Бенедикт Долль (Германия) +28.9 (0-0)…62. Әсет Дүйсенов (Қазақстан) +2:50.7 (0-1)…68. Владислав Киреев (Қазақстан) +2:55.9 (0-1)…77. Александр Мухин (Қазақстан) +3:10.3 (0-2)