«СЭ» сайтына белгілі болғандай, шабуылшы Патрис Кормье «Барысқа» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның «Автомобилистпен» келісімшарты 2023 жылдың 30 сәуірінде аяқталады.

32 жастағы канадалық хоккейші 2018/19 маусымында «Барыс» сапында өнер көрсеткен.

Осы маусымда Кормье ҚХЛ-да «Автомобилист» сапында 55 ойын өткізіп, 19 (7+12) ұпай жинаған. Плей-оффта – 7 ойын және 2 (0+2) ұпай.

Бұған дейін шабуылшы «Барыс» пен «Виннипег» командаларында ойнаған.

фото:hcbarys