Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Сіздің ойыңызша, әлемдегі ТОП-5 файтер?

— Бірінші орынға Джон Джонсты қоямын. Одан кейін Андерсон Сильва. Деметриус Джонсон, Хабиб Нурмагомедов және Джордж Сен-Пьер.

Айта кетейік, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен кейінгі жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.