«Зенит» Ресей кубогы 1/4 финалының екінші кезеңінде мәскеулік «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ал матч соңындағы пенальти сериясында мәскеулік команда жеңіске жетті – 5:4.

«Зенитте» өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп бұл кездесуде қосалқы құрамда қалды.