Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) орта салмақтағы рейтингіне бірінші нөмірмен енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақында Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақтағы титулдарын босатқан болатын.

Бұған дейін WBC рейтингінің бірінші сатысында мексикалық Хайме Мунгуиа (41-0, 33 КО) тұрды.