16 наурызда Атырауда Mergen FC 4 аралас жекпе-жек кеші өтеді, онда қазақстандық атақты файтер Қуат Хамитов (24-7) кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Бастапқыда «Найманның» қарсыласы ресейлік ММА ардагері Акоп Степанян (27-13) болды, бірақ күтпеген жағдайларға байланысты жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда Снайпер жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды және оның орнына Өзбекстан өкілі Бобур Құрбанов (12-4) шығатын болды.

Қуат Хамитовтың Mergen FC ұйымындағы төртінші жекпе-жегі алдында Prosports.kz журналисі қазақстандық файтермен Таиландтағы жуырдағы лагерін егжей-тегжейлі талқылап, оның биылғы жоспары туралы білуді жөн көрді.

– Қуат, Тайландта жаттығып жүргеніңізге көп болды. Оқу-жаттығу жиындары қалай өтті және ерекшелігі қандай?

– Тайландтағы лаегрьде адам көп болды. Сондықтан танымал біраз файтерлермен жұмыс істедік

Құпия болмаса, кіммен?

– Көп адаммен жұмыс істедім. Әли Баговпен, Мұхамед Коковпен, Абдул-Азиз Абдулвахабовпен. PFL чемпионы атанған Брэндон да болды. Жалпы, көп жігіттермен жұмыс істедік.

- Хамзат Чимаевпен ш

е?

- Иә. Спарринг серіктестердің көп болғаны сонша, біз екі топқа бөліндік. 70 келіге дейінгі файтерлер 4-5 сағатқа дейін жұмыс істеді, ал кейін одан ауыр салмақтағылар спаринг өткізді.

- Көптеген адамдар сізді керемет бабында дейді. Бұл рас па?

Иә, қазір өзімді тамаша сезінемін. Шынымды айтсам, соңғы рет 2017 жылы формада болған шығармын. Осыдан кейін екі жыл үзіліс болды, кейін жарақат алдым, содан кейін бір ай немесе үш аптадан кейін маған Аббасовпен төбелесуді ұсынды. Енді ғана мотивация пайда болып, толыққанды лагерь өткіздім. Екінші тынысым ашылды десем де болады.

- Демек октогонда үздіктердің бірі атанам десеңізші?

Бір жолы ғана емес, бірнеше уақыт өз бабымды ұстағым келеді. Атыраудағы турнирден кейін Алматыда да кешке қатысқым келеді. Жыл соңына дейін тағы екі-үш жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетуді жоспарлап отырмын.

– Бұл сіздің Mergen FC лигасындағы төртінші жекпе-жегіңіз. Промоушенға көңіліңіз тола ма?

- Бізде келісім бар. Бұл жолы ірі ұйымдардың бірімен бірігіп Астана немесе Алматы қалаларында турнир өткізу жоспарланған еді, бірақ белгілі себептермен ол жүзеге аспай қалды. Атыраудағы турнир де тамаша өтеді деп ойлаймын. Мұндағы атмосфера ұнайды, жанкүйерлер трибунаны лық толтыратынына сенімдімін. Жанкүйерлер аз болса мен барымды сала алмаймын.

– Жергілікті жанкүйерлерге бірер сөз айтсаңыз?

- Атыраудағы жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Бұл менің төртінші жекпе-жегім болады. Қолдауыңыз үшін рахмет және біз 16 наурызда аренада күтеміз.