Йоахим Лев Бразилия құрамасының бас бапкері болғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.

Бразилия құрамасы ӘЧ-2022 ширек финалынан ұшып кеткеннен кейін бас бапкер Тите қызметінен босатылған. Қазір Рамос Менезес бас бапкердің міндетін атқарады.

Ал Лев 2006-2021 жылдар арасында Германия құрамасын жаттықтырып, 2014 жылы әлем чемпионы атанған.