Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан көптен бері айлық алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
«Білесіздер ме, маған ең бастысы уақытымды бос өткізбесем болғаны, жұмыс бар. Футбол әлемінде қаржылық қиындықтар көп кездеседі. Мені бұл жағдай мүлдем толғандырмайды»,  дейді Красножан ТАСС агенттігіне.
 
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік маман футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін былтырғыжылдың ақпан айында ұстады.