«Жетісудың» бас бапкері Алмас Құлшынбаев Қазақстан чемпионатының 3-турындағы «Ордабасыға» (2:0) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Менің ойымша, соңғы үш турдың ішінде мазмұны жағынан матч жақсы өтті, «Ордабасыдан» еш кем түспедік, кей сәттерде олардан асып түстік, бірнеше мүмкіндіктер жасадық, тіпті гол соқтық. Бірақ екі қателік ойын тағдырын шешті. Қарсылас соларды пайдаланып, кездесудің нәтижесін шешті», - деп айтты Құлшынбаев.