15 наурызда Астанада жергілікті «Номад» пен қарағандылық «Сарыарқа» хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы екі матч Қарағандыда өтіп, қарсыластар бір-бір реттен жеңіске жетті. 10 наурызда астаналықтар 4:2 есебімен жеңіске жетсе, келесі күні қарағандылық команда таразы басын төңкерді (4:3).

Сериядағы үшінші «Номад» – «Сарыарқа» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.