Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде Румыния, Дания, Польша, Черногория және Армения құрамаларымен Е тобында ойнайды.
 
Топтан бірінші орын алған құрама әлем чемпионатына тікелей жолдама аласа. Екінші орын алған команда басқа топта екінші нәтиже көрсеткен құрамамен қосымша ойын өткізеді. Әлем чемпионатына іріктеу 2016 жылы қыркүйекте басталады.
 
Айта кетейін, Футболдан әлем біріншілігі 2018 жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейде өтеді. Байрақты бәсекеде 32 команда бақ сындайды деп күтілуде.