Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Варвара Грачеваны екі сетте – 6:3, 6:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Грачева алдыңғы раундта WTA рейтингінде сегізінші орында тұрған отандасы Дарья Касаткинаны жарыс жолынан шығарып тастаған еді.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.