Қазақстан уақыты бойынша 14 наурыздан 15 наурызға қараған түні Чемпиондар лигасының 1/8 финалының «Манчестер Сити» - «РБ Лейпциг» және «Порту» - «Интер» жұптарының қарымта кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Сити» қарсылас қақпасына жауапсыз жеті гол соқты. Олардың бесеуі Эрлинг Холандтың есебінде. 22 жастағы норвегиялық үшін бұл пента-трик мансабындағы бірінші болды.

«Манчестер Сити» (Англия) - «РБ Лейпциг» (Германия) 7:0 (3:0). Бірінші матч – 1:1

Гол соққандар: 1:0 – Холанд (22, пен), 2:0 – Холланд (24), 3:0 – Холланд (45+2), 4:0 – Гюндоган (49), 5:0 – Холланд (53) , 6:0 - Холланд (57), 7:0 - Де Брюйне (90+2)

Миландық «Интер» қарымта матчта Портумен 0:0 ойнап, алғашқы матчтағы жеңістің арқасында келесі кезеңге жол тартты. Италиялық ұжым 2011 жылдан бері алғаш рет Еуропаның негізгі клубтық турнирінің ширек финалына шықты.

Порту (Португалия) - Интер (Милан, Италия) 0:0 (0:0). Бірінші матч – 0:1