«Ақтөбе» командасының бас бапкері Андрей Карпович «Астана» - «Ақтөбе» (1:4) матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында клубта үлкен қиындықтар туындап жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Командаға жеңіс үшін алғыс айтқым келеді. Бірақ екінші жағынан, біздің клуб күрделі проблемаларды бастан кешіруде. Бұл жеңіс бұл проблемаларды тезірек шешу керек екендігінің белгісі болады деп сенемін.

Қазір клубтар үзіліске кетеді. Мүмкін мен үшін «Ақтөбе» бас бапкері ретіндегі бұл соңғы матч шығар. Клубта қазір қаржылық дағдарыс.

Бүгін белгілі бір ойыншылар тобы алаңға шығудан бас тартты, бірақ біз оларды бүгінгі нәтижеге сендіре алдық. Клубтың мәселелерін тезірек шешу керек, әйтпесе бұл жақсылыққа апармайды» - деді бапкер.

Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионатының 3-ші турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу 4:1 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына аяқталған болатын.