Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері наурыз айындағы матчтарға арналған кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Бобур Абдихоликов 24 ойыншының қатарына енді.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы Сауд Арабиясында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 24 наурызда Өзбекстан Боливиямен, 28 наурызда Венесуэламен ойнайды.

Биылғы маусымда ел біріншілігінде Бобур 3 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.