Қақпашысы Игорь Шацкий «Ордабасымен» өткен ойында (1:4) «Шахтер» сапында Премьер-лигадағы 150-кездесуі өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы ойыншы 2015 жылы 5 сәуірде «Тобыл» - «Шахтер» матчында (4:1) ҚПЛ-дағы алғашқы кездесуін өткізген. Содан бері ол «Шахтер» сапында 150 матчқа қатысып, 203 гол жіберіп алды. «Тобыл» сапында да өнер көрсетті (6 матч, 6 гол жіберіп алған).

«Шахтер» сапында ҚПЛ-да ең көп ойын өткізген қазіргі футболшылар:

  1. Игорь Шацкий – 150 матчей;
  2. Айдос Тәттібаев – 125;
  3. Роман Муртазаев – 88;
  4. Роджер Каньяс – 76;
  5. Абылайхан Назымханов – 29;
  6. Стефан Букорац – 28.