16 наурызда Атырауда аралас жекпе-жектен өтетін MergenFC 4 турниріне Қуат Хамитов, Нұрберген Шәріпов пен Акоп Степаняннан бөлек қазақстандық проспект Шыңғысхан Қамал (3-0) күш сынасады.

27 жастағы жергілікті файтер жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жекте жеңіліп көрмеген қырғыз спортшысы Назарбек Әлімжановпен (3:0) кездеседі.

Prosports.kz тілшісімен Шыңғысхан Қамал жекпе-жекке дайындық барысын бөлісті, басынан кешкен оқиғалары мен алдағы жоспарларын айтып берді.

– Шыңғысхан, мансабыңыздағы бірінші титулдық жекпе-жекке қандай көзқараспен, қандай формада келесіз?

– Жаттығу ойдағыдай өтіп жатыр, қазір диетада жүрміз, салмақ жақсы.

– Құпия болмаса, алдағы жекпе-жекке қайда және кіммен дайындалдыңыз?

– Таиландта оқу-жаттығу жиынында болдық. Дайындық командаластарым Нұрберген Шәріпов, Еламан Саясатов және Ишан Ғалиевпен бірге өтті. Спарринг серіктесім Eagle FC-дің топ файтері Бусурманқұл Әбдібаит уулу болды. Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтті, сегізбұрышта барлығын көрсету керек.