Ресейлік теннисші, әлем рейтингінде 66-орында тұрған Варвара Грачева Индиан-Уэлссте WTA 1000 сериясындағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 8-ракеткасы, отандасы Дарья Касаткинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1 сағат 40 минутқа созылды. Екінші сетте Грачева 1:4 есебімен жеңіліп жатты, бірақ қатарынан бес гейм жеңіске жетті. Кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Ширек финалда ол Қазақстанның ең үздік теннисшісі әрі Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинамен күш сынасады.

Фото: championat.com