Футболдан ел чемпионатының 22-турын Көкшетауда «Оқжетпес» пен «Астана» матчы ашты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтың алғашқы таймында көрермендер гол көре алмады. Алайда үзілістен кейін командалар үш гол соқты. Алдымен 48-минутта Әлібек Бөлешев алаң иелерін алға шығарды. Көкшетаулықтар бұл басымдығын ұзақ сақтай алмады. 57-минутта-ақ астаналықтар алға шықты. Осы уақыт ішінде Кабананга дубль жасады. Қорытынды есеп – 1:2.

Осы матчтан кейін 43 ұпай жинаған «Астана» көш басына шықты. Бірақ оның басты бәсекелестері «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз матчтарын ертең ойнайды. Ал «Оқжетпес» болса, 26 ұпаймен алғашқы алтылыққа кіре алмай қалды.

«Оқжетпес» - «Көкшетау» 1:2 (0:0)

Голдар: 1:0 – Бөлешев 48, 1:1 – Кабананга 53, 1:2 – Кабананга 57