Рауль болашақта мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

As ақпараты бойынша, Карло Анчелотти командадан кетсе, бас бапкер қызметіне Рауль келуі мүмкін. Италиялық маманның мадридтіктермен келісімшарты 2024 жылы аяқталады.

Қазір Рауль «Кастильяны» жаттықтырады, оның командасы Испания 3-дивизионында 4-орында келе жатыр.