Өткен маусымда ҚКФЛ нұсқасы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанған 22 жастағы ойыншы Елхан Астанов ресми «Астанаға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа клубта ойыншы 21-нөмірмен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Астанов шымкенттік «Ордабасының» түлегі. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша Қазақстан құрамасы ойыншысының трасферлік құны 600 мың еуро.