Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова 20 мамырда «Тараз Аренада» WBC Silver титулы үшін малавиялық Рут Чисейлмен жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаз Кэти Тейлормен абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге міндетті үміткер болады.

Рут Чисейл - Малави чемпионы және қыздар арасындағы әлемдік рейтингте жоғары орында тұр. Ол 14 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жеткен, 7 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, Шарипованың кейінгі кездесуі Челябіде өтті, онда отандасымыз жеңіске жеткен болатын.