12 наурызда Алматының Орталық стадионында медиа-футбол командалары – қазақстандық SD Family мен ресейлік «Амкал» жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Jusan Bank Алматы қаласы спорт басқармасымен бірлесіп, жанкүйерлерге қазақстандық және ресейлік медиалига жұлдыздары қатысқан керемет футбол шоуын сыйлады. Орталық стадионға 7 мыңнан аса көрермен келді! Жанкүйерлер жергілікті фавориттерді де, қонақтарды да жылы қарсы алды. Айта кету керек, бұл SD Family пен «Амкал» арасындағы алғашқы кездесу емес, былтыр шілде айында қарсыластар кездесіп, негізгі уақыт 4:4 есебімен аяқталып, пенальти сериясында қазақстандық команда жеңіске жеткен.

Бұл жолғы жолдастық кездесуде «Амкал» алаң иелерін 6:2 есебімен жеңді.