37 жастағы қазақстандық орталық қорғаушы Мирам Сапанов «Ақжайық» сапына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оралдық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мирам Сапанов орал футболының түлегі. «Ақжайық» сапында алғашқы ойынын 2004 жылы 5 мамырда Астанада «Жеңіске» (2:1) қарсы кездесуде өткізді. Ол оралдық клуб жейдесінде 148 кездесуге қатысып, 5 гол соққан. Премьер-лигада туған клубынан бөлек «Ордабасы» (18 матч), «Жетісу» (30 матч) және «Шахтер» (14 матч) сапында өнер көрсетті.