Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (24-7) 16 наурызда Атыраудағы Mergen FC 4 турнирі аясында өтетін ресейлік ММА ардагері Акоп Степанянмен (27-13) кездесуі туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Акоп – кәрі қасқыр, нағыз ардагер! Біз керемет жекпе-жек көрсетеміз. Old School ардагерлерінің Атыраудағы жекпе-жегін асыға күтіңіздер», - деді «Найман» жанкүйерлеріне.

Айта кетейік Mergen FC 4 турнирі аясында екі титулды кездесу өтеді. Қазақстандық Талғат Жұмағалиев (9-4-1) пен ресейлік Джохар Эскиев (9-3) ең жеңіл салмақтағы вакантты белбеуді сарапқа салады. Ал Шыңғыс Камал (3-0) мен Назарбек Әлімжанов (3-0) 66 келіге дейінгі салмақтағы чемпионды анықтайды.

Mergen FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG спорт агентігі

Алдағы жекпе-жек кешінің билетін ticketon.kz сайтынан алуға болады.