«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасы плей-офф кезеңінің үшінші турында «Club NXT» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:2 есебімен аяқталды.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский негізгі құрамда алаңға шығып, 83-минутта ауыстырылды.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «РВД Моленбек» 52 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр.

«Моленбек» (Моленбек-Сен-Жан, Бельгия) – «Club NXT» (Брюгге​, Бельгия) – 3:2

Гол соққандар: Эль Уахди 49, 58, 90+5 – Кемсдин Тальби 26, Ромео Верман 60