«Ақтөбе» командасының бразилиялық шабуылшысы Мигель Это'О өз алаңындағы ақтаулық «Каспийге» қарсы өткен екінші матчтың нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Үш гол соққаныма қуаныштымын, бірақ ең бастысы команда жеңді. Жанкүйерлерді осы жеңістерімен құттықтаймын! «Каспий» – тамаша ойыншылары бар өте мықты команда. Оларға қарсы ойнау қиын болды. Ал сенім білдіргені үшін бас бапкерге және бүгін хет-трик жасауға көмектескен әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Жұмысты жалғастырамыз! – деді ойыншы клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

«Ақтөбе» «Каспийге» қарсы матчта 8:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бір күн бұрын ақтөбеліктер ақтаулық қонақтарды 6:1 есебімен жеңген еді. Бұл ойында Мигель Это'О бір гол соқты. Екі жеңістің арқасында ақтөбелік команда 55 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатында үшінші орынға көтерілді.

Фото instagram.com/mfcaktobe