Алматыдағы OCTAGON 43 турнирінде жеңіл салмақтағы гран-при финалы өтеді.

Екі үздік файтер - қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) пен қырғызстандық Илимбек Ақылбек уулу (6-1) чемпиондық белбеу мен 10 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақыны сарапқа салады.

Prosports.kz тілшісі алдағы жекпе-жек кешінің қатысушыларының бірімен әңгімелесті.

- Айваз, 22 наурызда кәсіпқой карьераңыздағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі өтеді. Оған қалай дайындалып жатсыз?

- Иә, менің карьерамдағы өте маңызды жекпе-жек, ​​көңіл-күйіміз жақсы, сол сәтті күтіп отырмын. Аз уақыт қалды.

- Дайындығыңыз қайда және қалай өтіп жатыр? Не нәрсеге ерекше көңіл бөліп отырсыз?

– Мен Tamerlan FC спорт залында дайындалдым. Сондай-ақ Arlan MMA Pro Team жаттығу залына жиі барып, менің дивизионымдағы үздік файтерлермен спаринг өткіздім.