«Баварияның» атақты бұрынғы футболшысы Лотар Маттеус Чемпиондар лигасындағы негізгі фавориттерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мюнхендік команда ең мықты клубтардың бірі саналатын ПСЖ-ны жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

ПСЖ-ға қарсы матч алдында айтқанымдай, «Бавария» Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге қабілетті. Бұл турнирді жұлдызды есімдер емес, ұлы командалар жеңіп алады. Менің ойымша, «Бавария» үміткерлердің бірі, бірақ басты фаворит емес - «Реал» және «Манчестер Сити» бар. Сондай-ақ, «Наполи» мен «Бенфиканы» да бағаламауға болмайды», - деп келтіреді Маттеустің сөзін Bild.