«Реал» шабуылшысы Кәрім Бензема Чемпиондар лигасында «Ливерпульге» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Athletic журналисі Марио Кортегананың ақпараты бойынша, француз ортақ топпен жаттығу жасаған. Кейінгі 1,5 ай ойнамаған Ферлан Менди де жаттығуға оралды.

Ал Давид Алаба алдағы матчқа қатыспайды.

«Реал» – «Ливерпуль» кездесуі 15 наурызда өтеді.