Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында 1000 м қашықтықта ширек финалдық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір шақырымдық қашықтықта ерлер арасындағы жарыстың ширек финалында қазақстандық Әділ Ғалиахметов 1:24,584 есебімен бесінші орын алып, келесі жарыстан шығып қалды.

Әйелдер арасында осыған ұқсас қашықтықта қазақстандық Ольга Тихонова 1:36,625 есебімен өз жарысында үшінші орын алып, ширек финалдық кезеңде тоқтады.