22 шілде күні  ҚФФ жанындағы Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Премьер-Лига
ХХI тур
«Тараз» - «Ертіс» 
«Тараз» футбол клубына жанкүйерлердің стадионда былаптыт сөздерді айқайлағаны үшін «600 000 (алты жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
 
Дубль құрамалары арасындағы турнир
ХХI тур
«Қайсар» - «Тобыл»
 «Қайсар» командасының ойыншысы Самат Әлиевті қарсыласының гол соғу мүмкіндігіне кедергі келтіргені үшін бір матчқа ойыннан шеттету.
 
«Астана» - «Жетісу»
«Астана» футбол клубының ойыншысы Исламбек Құлекеновтің ойынға қатысу құқығы жоқ екенін ескеріп, келесі жазалар қолданылсын:
 - Матч нәтижесінің күшін жойып, «Астана» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс белгілеу, ал «Жетісу» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіс белгілеу.
 - «Астана» футбол клубына «200 000 (екі жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
 
«Ордабасы» - «Оқжетпес»
«Ордабасы» футбол клубына жарысты өткізу орындарына қойылған талапты (ақпараттық табло) орындамағаны 75 000 (жетпіс бес мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.   
 
Футбол орталықтары мен академияның жасөспірімдер арасындағы ҚР біріншілігі
 
1997 ж
«Оқжетпес» - «Ертіс»
«Ертіс» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 
«Шахтер» - «Тараз»
«Шахтер» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 
«Қайрат» - «Атырау»
«Қайрат» командасының ойыншысы Тимур Балтабаевты матч төрешілеріне  айтқан былапыт сөздері үшін жеті матчқа ойыннан шеттету.
 
 
1998 ж
«Қайсар» - «Ақжайық»
«Ақжайық» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 және одан да көп ойыншының алаңнан қуылуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 
2002 ж
«Атырау» - «Каспий»
«Каспий» командасының ойыншысы Тимур Реджеповті матч төрешілеріне  айтқан былапыт сөздері үшін жеті матчқа ойыннан шеттету.
 
 
 2003 ж
«Ордабасы» - «Қайрат»
«Ордабасы» футбол клубының жаттықтырушысы С.Өтебаевқа матчтың реcми тұлғаларына былапыт сөз айтқаны үшін  50 000 (елу мың) теңге»  көлемінде айыппұл салу.