«Адмирал» тарихта алғаш рет Шығыс конференциясының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда «Адмирал» Гагарин кубогы Шығыс конференциясының алтыншы кездесуінде өз айдынында «Салават Юлаевты» (3:2) жеңді.

Айта кетейік, Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің 1/8 финалында Қазақстан құрамасының 5 хоккейшісі өнер көрсетті: Джесси Блэкер, Кертис Волк, Алексей Маклюков, Павел Акользин және Даррен Диц.