Алматылық «Қайрат» армяндық «Алашкерт» командасынан 1:2 есебімен жеңілгендігіне қарамастан ағымдағы еурокубок маусымының клубтық рейтингісінде жағдайын жақсарта алды.

Владимир Вайсс шәкірттері 3.650 ұпаймен 330-ші орыннан 307-ші орынға жоғарылады. «Алашкерт» - 432-ші (1.325).

«Қайрат» Еуропа Лигасы үшінші квалификациялық кезеңінде шотландиялық «Абердинмен» ойнайды. Ол 5.160 ұпаймен 250-ші орында тұр.

 

 

BNews.kz сайтынан