26 жастағы қорғаушы Данияр Плотников «Жеңіс» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияр команда сапында 2 маусым өнер көрсетті. 2021 жылы Екінші Лиганың қола жүлдесін жеңіп алуға және өткен маусымда Бірінші Лигадағы позициямызды нығайтуға көмектесті. Клуб сапында 37 матчта өткізді.

Қорғаушының жаңа клубы «Елимай» (Семей) болды.

Фото: semeynews.kz